RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарКәсіпЭкономикаҚоғамӘлем

Қазақстан мен Франция Іле-Балқаш бассейнін зерттейді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

Атап айтқанда, министрлік Францияның даму агенттігімен (AFD) және Францияның геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросымен (BRGM) ынтымақтастық туралы меморандумға және үшжақты келісімге қол қоюға дайындалып жатыр. Ведомство аталған ұйымдармен бірлесіп Іле-Балқаш бассейніне кешенді зерттеу жүргізеді. Сондай-ақ жерасты суларын зерттеу, мониторингі, барлау және игеру бағытында да ынтымақтастық жолға қойылады.

Бұдан бөлек, Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық су бюросымен (OiEau) ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруда.

Сильван Гиоге өз кезегінде француз компаниялары Қазақстанда су шаруашылығы құрылыстарын салу және реконструкциялау бойынша жобаларға қатысуға ниетті екендерін айтты. Сондай-ақ, су шығынын анықтайтын және суды басқаруды оңтайландыратын компаниялар да серіктестік орнатуға қызығушылық танытуда.

«Меморандум мен келісімге қол қою біздің ынтымақтастығымыз үшін маңызды қадам болмақ. Біз француз әріптестерімізбен ұзақ мерзімді және нәтижелі жұмыс істеуге ниеттіміз», — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігі

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев АЭС бойынша референдум өтетін күнді атады

admin_rastimes

Түркістанда 9 айда 747 млрд. теңгенің өнімі өндірілді

Обырды емдейтін заманауи орталықтар ашылады

Пікір жазу