RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Ұлттық статистика бюросында 1 тамыздағы Қазақстан халқының саны айтылды. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, осы күні Қазақстанда 20 182 003 адам болған.

Жыл басында Қазақстанда 20 033 842 адам тұрған. Осылайша, сегіз айда қазақстандықтардың саны 148 мыңнан аса адамға артты.

Еліміздің ең тығыз қоныстанған өңірлері бестігіне Алматы (2 264 499 адам), Түркістан облысы (2 151 923 адам), Алматы облысы (1 547 228 адам), Астана (1 481 402 адам) және Шымкент (1 241 809 адам) кіреді.

Сондай-ақ, Жамбыл (1 223 625 адам) және Қарағанды (1 134 588 адам) облыстарында миллионнан аса адам тұрады.

Қазақстандықтардың басым бөлігі (12 656 167 адам) қалаларда тұрады. Қалған 7 525 836 отандасымыз ауылдық жерлердің тұрғындары.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Ұқсас жаңалықтар

Нидерланды сарапшылары су саласындағы тәжірибелерімен бөлісуде

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3,5 МЛН. ТОННА БАҚША ӨНІМДЕРІ ЖИНАЛДЫ

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді

Пікір жазу