RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарПрезидент

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Түркия президенттері бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтап, екі ел халықтарына бақ-береке тіледі.

Мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі дамытуға қос тарап әрдайым дайын екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге ықпал ететін жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалогты қолдаудың өзектілігі айтылды.

Бұдан бөлек, президенттер көпжақты форматтағы тығыз ықпалдастықты жалғастырудың маңызды екеніне тоқталып, халықаралық ұйымдар аясындағы алдағы кездесулердің кестесін талқылады.

Дереккөз: akorda.kz

Ұқсас жаңалықтар

Түлкібас ауданында өндіріс пен туризм қатар дамуда: жылына 48 мың тонна құс етін өндіретін ірі жоба жүзеге асырылуда

«Домбыра – ұлттың үні»: рухани мұраны ұлықтаған кеш

redaktor_rastimes

Мемлекет басшысы мен Конго Демократиялық Республикасының Президенті келіссөз жүргізді

redaktor_rastimes

Пікір жазу