RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарПрезидент

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПЕН ГУРБАНГУЛЫ БЕРДІМҰХАМЕДОВ ӨНЕРКӘСІП КӨРМЕСІН АРАЛАП КӨРДІ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов SPK Turkistan индустриялық паркіне барды.

Қазіргі таңда бұл өндірістік аймақта жалпы құны 36,5 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелері, ауыл шаруашылығы техникалары (тракторлар), білім беру мен медицина мекемелеріне арналған жиһаздар, есіктер және өндірістік тоңазытқыштар шығару жолға қойылған.

Өндіріс паркін дамытудың келесі кезеңінде 70 гектар аумақта 112 ғимарат салу және жалпы құны 39,7 миллиард теңге болатын 13 жаңа жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Сапар барысында Мемлекет басшылары ғарыш өнеркәсібі, машина жасау, металлургия, құрылыс индустриясы, жеңіл, тамақ және химия өнеркәсібінде жұмыс істейтін қазақстандық өндірушілердің көрмесімен танысты.

Экспозицияда отандық кәсіпорындар өндіретін автокөліктер, ауыл шаруашылығы техникалары, тұрмыстық техника, медициналық құрылғылар, өндірістік аккумуляторлар, жиһаздар, тоқыма өнімдері, киім-кешек және басқа да тауарлар ұсынылды.

Ұқсас жаңалықтар

Бизнес форумда 92,8 млн. АҚШ долларына 10 коммерциялық келісімге қол қойылды

redaktor_rastimes

Түркістанда «Салауатты сана» жобасы аясында Абай мұрасы арқылы әлеуметтік кеселдермен күрес жолы талқыланды

redaktor_rastimes

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Пікір жазу