RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарҚоғам

Балқаш пен Алматы арасына тікелей бағыт ашылады

Көктемнің алғашқы күні Балқаш – Алматы, Алматы – Балқаш бағытындағы жаңа пойыз қатынайды. Бұрындары Балқаш тұрғындары Алматыға жету үшін алдымен Сарышаған станциясына барып, кейін Алматыға дейін пойызбен жүретін. Жаңа бағыт осы қолайсыздықты жойып, тікелей теміржол қатынасын қамтамасыз ететін болады.

Бұл Балқаш – Мойынты учаскесінде екінші жол құрылысының арқасында мүмкін болды, бұл желінің өткізу қабілетін айтарлықтай арттырады. Жоба Достық – Мойынты бағытындағы теміржол қатынасын дамыту жөніндегі ірі инфрақұрылымдық бастаманың бір бөлігі болып табылады.

Көлік қатынасының қолайлылығы мәселесі Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Балқашта өткен отырыстарында бірнеше рет көтеріліп, туризмді дамыту жөніндегі кеңесте қаралды. Осы сала өкілдерінің пікірінше, бұл бастаманың жалпы өңір экономикасының дамуы үшін маңызы зор.

– Көліктік логистиканы жақсарту туризмді дамытуда және өңір тұрғындары мен қонақтары үшін қызмет көрсету сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады, – дейді «WORLD SERVICE GROUP» ЖШС коммерциялық директоры Александр Кулинич. – Және өңірлер мен қалалар арасындағы байланыстарды нығайта отырып, жұмыстың көптеген бағыттары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Поезд қозғалысының кестесі:

  • Балқаш – Алматы: жөнелту айдың жұп сандары күні сағ. 07:52,

Алматыға келу-2 00:58.

  • Алматы – Балқаш: айдың тақ сандары күні сағ. 00: 10,

Балқашқа келу 15: 03

Жол жүру уақыты 17 сағаттан асады.

Дереккөз: Қарағанды облысының әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар

Заңгер орнына чат-бот

redaktor_rastimes

Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді

Пікір жазу