RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарМәдениетӘлем

Астанада «Джакомо Пуччиниге арнау» гала-операсы сахналанды

«Астана Опера» театрында ұлы итальялық композиторға арналған «Джакомо Пуччиниге арнау» гала-операсы сахналанды.

Концертті әйгілі дирижер, итальялық Джузеппе Аквавива басқарды.

Аталмыш іс-шара композитордың дүниеден өткеніне 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Көрермен алдында Пуччинидің сирек орындалатын шығармаларын жетекші солистер шырқады.

Қатысушылар арасында әлемге әйгілі опералық әншілер — Мария Мудряк, Марина Медичи және Раффаэле Абете, сондай-ақ Қазақстан сахнасының жұлдыздары, хор әртістері мен театрдың симфониялық оркестрінің музыканттары болды.

Бағдарламада Пуччинидің сирек орындалатын шығармаларынан ариялар, дуэттер шырқалды. Бұл әстістер мен көрерменге оның музыкалық мұрасын жаңа қырынан ашуға мүмкіндік берді.

Музыкалық бағдарламадан бөлек, театр фойесінде «Жүз жылдық мұра, шеберлік және итальялық құмарлық» атты бірегей көрме ұйымдастырылды.

 

Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

2024 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ТАРТЫЛҒАН ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 1 МИЛЛИАРД 144,2 МИЛЛИОН АҚШ ДОЛЛАРЫН ҚҰРАДЫ

redaktor_rastimes

ТҮЛКІБАСТА МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНДА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІНІҢ МУЗЕЙІ АШЫЛДЫ

redaktor_rastimes

Түркістан – тоқыма өнеркәсібінің жаңа орталығына айналмақ: Инвестициялық келіссөздер нақты қадамға ұласып жатыр

Пікір жазу