RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарҚоғам

Алматыда Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы құрылады

Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев жолдардағы қозғалысты реттеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

«Қалада жолдардағы қауіпсіздікті арттыру және трафикті басқару бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда бұл функциялар Полиция департаментіне жүктелген, бірақ ІІМ трафикті басқару бойынша фукнциялардың бір бөлігін қала әкімдігіне беруді мақұлдады. Сондықтан біз қалада бұрын-соңды болмаған Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығын құруды жоспарлап отырмыз. Қазір біз осы ауқымды жобаны жүзеге асыруға дайындалып жатырмыз», — деді Ерболат Досаев.

Мегаполис әкімі биыл бағдаршам нысандарын жаңғырту жалғасатынын атап өтті. Бүгінгі таңда қолданыстағы 591 бағдаршам объектісінің 93-і еуропалық электрондық жабдықтармен толықтырылған, бұл бағдаршам объектілерін адаптивті басқару жүйесін енгізуге мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылы қалған 498 бағдаршам нысанын жаңғыртуды жалғастыру жоспарлануда. Жұмыстар аяқталғаннан кейін бағыттар бойынша нақты қозғалыс қарқындылығын ескере отырып, нақты уақыт режимінде қиылыстардағы жол қозғалысын реттеу қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ, көлік қозғалысының статистикасын есептеу, адаптивті режимдегі уақытты кері санау таблосының жұмысы, мамандандырылған көлікті басымдықпен өткізу қарастырылған.

Дереккөз: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

redaktor_rastimes

НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВ — ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

ШАРДАРАДА 4 КАНАЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП, 1306 ШАҚЫРЫМ ҚАШЫРТҚЫ ТАЗАЛАНУДА

redaktor_rastimes

Пікір жазу