RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ДенсаулықЖаңалықтар

12 млн. таңбаланған дәрілік зат сатылды

Үкіметте дәрілік заттарды таңбалау және қозғалысын бақылау жүйесі жұмысының аралық нәтижелері қарастырылды. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңеске Денсаулық сақтау министрлігі, «СҚ Фармация» және «Қазақтелеком» компанияларының өкілдері қатысты.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың келтірген дерегінше, жүйе енгізілгелі бері елдегі емдеу мекемелері 16,5 млн., ал дәріханалар 21,5 млн.-нан аса таңбаланған дәрілік заттарды қабылдаған. Сонымен қатар шамамен 12 млн. дәрі қаптамасын сатқан.

Айта кету керек, дәрілік заттарды таңбалау және бақылау жүйесі елімізде өндірілген немесе сырттан әкелінген әрбір дәрі-дәрмектің айналымнан толық алып тастағанға дейінгі қозғалысын онлайн режимінде қашықтан бақылауға мүмкіндік береді.

«Басты мақсат – азаматтарды қауіпсіз әрі сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Ашық бақылау контрафактілі дәрілердің айналымға түсуіне жол бермейді және Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті әкімдіктерге емдеу мекемелерінің дәрілік заттармен қамтылу деңгейін бақылауға жағдай жасайды. Сондай-ақ дәрі-дәрмектің мақсатты қолданылуын қадағалауға мүмкіндік беретінін атап өткім келеді. Сондықтан бұл тетікті мейлінше пайдалана отырып, қажет болған жағдайда тиісті шараларды қабылдау қажет», — деп тапсырды Тамара Дүйсенова.

Дереккөз: primeminister.kz

Ұқсас жаңалықтар

«Балалы болу қорқынышын» анықтау үшін сауалнама жүргізіледі

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы: 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды

admin_rastimes

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Пікір жазу