RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСаясат

ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫНДА ҚАРАЛДЫ

Түркістан өңірінде білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Аталған салаларға жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев кезекті жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың шағымдарын тыңдады. Ашық әкімдік кеңсесіне Отырар, Ордабасы, Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары, Түркістан, Кентау және Шымкент қалаларынан 10-нан астам азамат өтініштерін арқалай келді.
Бірі жеке талап-тілегін айтса, енді бірі қоғамдық мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, мектепке атау беру, білім беру ұйымдарындағы еңбек дауы, жекеменшік балабақшаларда бала санын көбейту және қаржыландыру, мектепке қосымша спорт зал салу, мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау және қолдау, инклюзияға бағытталған кешенді оңалту орталығын ашу сынды проблемалар талқыланды.
Барлық сұрақтарға мұқият назар салған Бейсенбай Дәулетұлы жауапты басқармалардың басшылығына мәселелердің түйіні тарқатылғанға дейін құқықтық сүйемелдеу жүргізу және арыздарды Заң аясында қарауды тапсырды. Өйткені бірқатары қайта зерделеуді қажет етеді. Ал ұсыныс-пікірлер жұмыс барысында ескеріледі. Облыс әкімінің орынбасары ашық диалог алаңында кездесуге дайын екенін жеткізсе, өтініш иелері ризашылықтарын білдірді.
Айта кетейік, Б.Тәжібаев кестеге сәйкес ай сайын өңір тұрғындарымен бетпе-бет жүздесіп, жеке қабылдайды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АӘК АЛУШЫЛАР САНЫ 2 ЕСЕ АЗАЙДЫ

Мемлекет басшысы Әзербайжанның Сыртқы істер министрін қабылдады

redaktor_rastimes

Мемлекет басшысы Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевты қабылдады

Пікір жазу