RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарҚоғам

Ақтөбе облысында төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб отырысы өтті

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен Төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб отырысында өңірдегі су тасқыны жағдайы туралы мәселе қаралды. 

Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласы мен 12 аудан аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарлы жүргізілуде. Дайындық аясында қорғаныс бөгеттері салынып, арықтар мен каналдарды, су өткізу құбырларын тазарту жалғасуда. Құм толтырылған қаптар дайындалып, өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілуде. Өңірімізде мұндай 22 орын бар.

Облыстық ТЖД бастығы Кахарман Оразалиннің айтуынша, ТЖД қызметкерлері 59 бау-бақша ұжымын (1 854 үй) аралап,  тұрғындарға қауіп төнген жағдайда қалай әрекет ету туралы жадынамалар мен буклеттер таратты.

Асхат Шахаров су басу қаупін азайту үшін көшелерді және аула аумақтарын қардан тазартуды, жаңбыр суын сору жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне мониторингті күшейту және алдын алу шараларын уақытылы жүргізу міндеттелді. 

Дереккөз: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар

Үкіметте тау-кен металлургия кешенінің даму мәселелері талқыланды

redaktor_rastimes

Түркістан мен Ухань арасы жақындады: Нұралхан Көшеров пен қытайлық инвесторлар жаңа серіктестікті нығайтуға уағдаласты

redaktor_rastimes

ТҮРКИЯНЫҢ ТУРИСТІК КОМПАНИЯ ӨКІЛДЕРІ ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

redaktor_rastimes

Пікір жазу