RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық пысықталды

Елімізде ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Санақ өткізудің мақсаты – аграрлық сектордың дамуына болжам жасау және ауыл шаруашылығы саласының қазіргі шынайы жағдайы туралы толыққанды ақпарат алу.
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі өкіміне және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1248 қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы шешім қабылданған.
Ауыл шаруашылығы санағының нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласының жай-күйінің егжей-тегжейлі және объективті бейнесі алынады, елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастырудағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, әрбір санатының рөлі туралы толық деректер алынады.
Бүгін Түркістанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті. Комиссия төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңірде жүргізілетін санақ науқанының мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, статистика басқармасымен бірге атқарылатын жұмыстарды баяндады.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық Статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары Гүлнәр Күнтуғанова өз кезегінде санақ жүргізуде басшылыққа алынатын ережелер мен талаптарды түсіндірді. Сонымен қатар, санаққа енетін нысандардың тізімі ұсынылды.
Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

МАҚТАРАЛДАҒЫ АБАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ 400-ДЕН АСТАМ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

redaktor_rastimes

АРЫСТА ЖАҢАДАН 6 ӨНДІРІС ОШАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН «ҚҰРҒАҚ ПОРТ» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

redaktor_rastimes

Ұлытау облысының Қаражал қаласында салынатын мектепке 1,4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді

redaktor_rastimes

Пікір жазу