RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарКәсіпПрезидентСұхбатЭкономикаҚоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ ГЕКТАРҒА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЕНГІЗІЛІП, ОСЫ БАҒЫТТА 3 ӨНДІРІС ОРНЫ АШЫЛДЫ

Бұл жұмыс қалай жүзеге асты? Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының сөзіне назар аударайық:

– Біздің өңірдің басты ерекшілігі – халықтың 80 пайызы ауылдарда тұрады. Сондықтан да ауыл шаруашылығы – өңірдің маңызды саласы. Біз ауыл шаруашылығын әртараптандыру, су үнемдеу технологияларын енгізу, мал мен өсімдік өнімін терең өңдеу бағытында жұмыс жүргізудеміз. Өздеріңізге белгілі, елімізде жыл сайын ағын су тапшылығы байқалады. Түркістан облысына қажетті судың 70 пайызы көрші мемлекеттен келеді. Сондықтан ауыл шаруашылығында заманауи су үнемдеу технологиясын ендіріп, жаңа дақылдар мен сорттарды өсіруге басымдық береміз. Су үнемдеу технологиясын 216,3 мың гектарға енгізіп, суармалы жерлердің үлесін 40%-ға жеткізу жоспарымыз бар. Биылдың өзінде бұл технология жалпы 50 мың гектарға дейін жеткізілді. Су үнемдеу технологияларының қолжетімділігін арттыру бағыттында жалпы құны 11,7 млрд. теңгені құрайтын 3 өндіріс орындарын аштық, – деді Дархан Сатыбалды. 

Түркістан облысында ауыл шаруашылығында өнім көлемі 958 млрд. теңгені құрап, өсім 105,8 пайызға жетті. Ауыл шаруашылығы өнім көлемі бойынша облыс республикада жетекші орында тұр. Бұл бағытта нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында 2024-2027 жылдарға жалпы 507 млрд теңге болатын 105 жобаны іске асыру жоспарланған. Осы арқылы 8 мыңнан астам (8 346) жұмыс орны қалыптаспақ.  Аймақта «BNK Group LTD» компаниясының құны 7 млрд. теңге құрайтын «Жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты, құны 4,1 млрд. теңге болатын «14 мың гектар тамшылатып суару өндірісі», «Тұран су» мемлекеттік кәсіпорнының құны 650 млн. теңгені құрайтын жылына 9 мың гектар тамшылатып суару жүйесін шығаратын өндірісі толығымен іске қосылған. Оған қоса шетелдік инвестордың құны 2 млрд. теңге болатын 40 мың гектарға тамшылатып суару өндірісі келесі жылы жүзеге асырылады.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың тұжырымдамасы жаңартылды

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

redaktor_rastimes

«Біз уақыт талабына сай технологияны меңгерген ұлтқа айналуымыз қажет»

redaktor_rastimes

Пікір жазу