RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСпорт

ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА ФУТБОЛДАН ТАРТЫСТЫ МАТЧ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында Қазақстан Премьер-лигасының І туры аясында «Ақтөбе» мен «Тобыл» футбол клубтарының кездесуі өтті. Аталған матч қарсаңында жастардың қатысуымен ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиға – алдағы референдумды қолдауға бағытталған арнайы акция ұйымдастырылды. Футбол мерекесі жастардың патриоттық флешмобымен басталды. «Жастар VIBE» би тобы орындаған «Рух» атты әсерлі қойылым көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлап, жастардың бірлігі мен елге деген сүйіспеншілігін көрсетті. Сондай-ақ, матч алдында Түркістандық өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынып, патриоттық әндер орындады. Бұл футбол кешінің мазмұнын байытып, көрермендердің рухын көтере түсті.

Іс-шара барысында спикерлер қоғам үшін маңызды саналатын референдумның мәні мен маңызын атап өтті. «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Еркебұлан Мадиярұлы сөз сөйлеп, жастарды маңызды саяси науқандарға белсенді қатысуға шақырды.

Акция аясында стадионда жиналған жанкүйерлер трибуналарда үлкен көк Ту мен «Референдум» жазуы бар баннерді көтеріп, қолдау көрсетті. Сонымен қатар, футбол үзілісі кезінде экран арқылы референдум туралы арнайы бейнеролик көрсетілді.

Осылайша Түркістанда өткен футбол кеші тек спорттық бәсекемен шектелмей, жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, елдік бастамаларды қолдауға бағытталған мазмұнды акцияға ұласты. Матч аяқталғаннан кейін ерікті жастар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында стадион аумағын тазалап, қоғамдық мәдениет пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банк тобының президенті Аджай Бангамен кездесті

redaktor_rastimes

Түркістан төріндегі триумф: халықаралық ән фестивалінде Италия үміткері топ жарды

redaktor_rastimes

Күштік құрылым қызметкерлері марапатталды

redaktor_rastimes

Пікір жазу