RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ РӘМІЗДЕР — ҰЛТ РУХЫНЫҢ МАҢҒАЗ МҮСІНІ

Қасиетті Түркістан төріндегі сәулеті мен сымбаты жарасқан «Congress Hall» кешенінде ел тарихы мен ұлт болмысын айшықтайтын ерекше іс-шара өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай ұйымдастырылған бұл жиында 300-ге жуық азамат бір мезетте Әнұранды шырқап, елдіктің, бірліктің, рухтың символына айналған Көк Ту астында жүрек үнімен елге деген сүйіспеншілігін білдірді.

Бұл — елдігіміздің елесі емес, нақты бейнесі, тәуелсіздігіміздің тынысы мен болмысымыздың бойтұмарына айналған Рәміздерге деген құрметтің шынайы көрінісі еді. Бұл — халықтың ұлы рухын тірілткен, ұлттық сананы серпілткен сәт. Себебі ұлттық рәміздер — елдің жүрегі, ұлттың жүзі, халықтың жаны.

Ту — халқымыздың асқақ арманы мен айбарлы намысының белгісі. Көк түсті байрақ — бабалар аңсаған азаттықтың символы, биікке өрлеген Қазақстанның болашағына деген сенімнің нышаны. Елтаңба — елдің тұтастығы мен тамырын тереңнен тартқан тарихтың бедерлі бедері. Ал Әнұран — қазақтың жүрек үні, жігері мен мақтанышы.

Ұлттық рәміздер — жай ғана белгілер емес, олар мемлекет деген киелі ұғымның көркем көрінісі, халықтың ғасырлар бойғы мұратының көркем символы. Олар — тіліміздің, діліміздің, дініміздің, дəстүріміздің, шежірелі тарихымыздың, терең мәдениетіміздің тұтас жиынтығы іспетті.

Түркістан төрінде Әнұранды шырқаған 300 адам — сол ұлы идеяға үн қосып, тарихпен тілдескен, ұрпаққа өнеге боларлық үлгі көрсеткен азаматтар. Бұл — рухты сәт, бұл — елдің ұлы жырын бірге жырлау. Әр адамның кеудесінде тербелген үн — туған жерге деген сүйіспеншілік, Тәуелсіздікке деген құрмет, ұлт рухына деген тағзым болды.

Бұл жиынның мәні — тек ән шырқауда емес, елдік пен бірлікті бір сәтте жүрекпен сезінуде.
Бұл — ұлттың ұлы мұратын еске салып, келешекке бағыт берген тағылымды бастама.
Бұл — мемлекеттік рәміздердің ұлттық болмыстың алтын арқауына айналғанын дәлелдеген күн.

Еліміздің Туы әрқашан көкте желбіреп, Елтаңбамыз төрімізден түспей, Әнұранымыз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақтың рухын биіктете бергей!

Ұлттық рәміздер — бұл тек ресми нышан емес, бұл — ұлттың өткені, бүгіні мен болашағы. Қастерлей білсек — мәңгі ел боламыз!

Ұқсас жаңалықтар

Павлодар облысының әкімдігі мен ERG арасында меморандум түзілді

redaktor_rastimes

Қазақстан мен Словения президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДИҚАНДАРДЫ АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

redaktor_rastimes

Пікір жазу