RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

Сайрамда білімнің жаңа ордасы бой көтеруде

Сайрам ауданының білім саласындағы келелі қадамдарының бірі – Арыс ауылдық округіне қарасты Қожақорған елді мекенінде бой көтеріп жатқан «Х.Хайтенов» атындағы жекеменшік мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Аудан әкімі Арман Сабитов аталмыш нысанның құрылыс барысымен арнайы танысып, мердігер тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен уақытылы орындалуына, сондай-ақ мектеп ғимаратының балаларға барынша қолайлы әрі қауіпсіз болуына ерекше көңіл бөлді. Құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде және нысан жаңа оқу жылының басында өз есігін айқара ашып, шәкірттерін қабылдауға дайын болады. Жалпы саны 800 оқушыға арналған бұл білім ордасы заман талабына сай толықтай жабдықталып, заманауи оқу кабинеттері мен жайлы сыныптармен қамтамасыз етіледі. Мұнда балалардың терең білім алып, жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалмақ. Жаңа мектеп – тек құрылыс нысаны ғана емес, болашаққа салынған сенімді көпір, ел ертеңінің тірегі болар жас буынның жарқын болашағына жол ашатын маңызды бастама.

Ұқсас жаңалықтар

Астанадағы жаңа стадион құрылысына 17 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді

redaktor_rastimes

Олжас Климин — Харбиндегі Азиаданың қола жүлдегері

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 100 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

redaktor_rastimes

Пікір жазу