RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

Түркістан жастары – ұлт рухының тірегі: патриоттық тәрбие жұмыстары жаңа қарқынмен жүргізіледі

Көнеден жеткен киелі мұраларымен мақтана алатын Түркістан өлкесі бүгінде тек тарихи орталық қана емес, ұлт болмысын жаңғыртатын рухани тірекке айналып келеді. Осыған орай, жастарды отансүйгіштікке, елге адал қызмет етуге тәрбиелеу мақсатында Түркістан облысында жаңа серпінмен ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Жуырда облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен маңызды жиын осы игі бастаманың айғағы болды.

Жиынға облыстық қоғамдық даму басқармасы, білім және мәдениет саласының қызметкерлері, облыстық жастар ресурстық орталығы мен Түркістан қаласының ішкі саясат бөлімінің жауапты мамандары қатысты. Бұл – ел болашағы саналатын жастардың тәрбиесіне бірлесе жауапты мекемелердің басын қосқан маңызды басқосу болды.

Кездесуде Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл жастарды елжандылық пен отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында алдағы уақытта өткізілетін іс-шаралар туралы кең көлемде баяндама жасап, нақты жоспарлармен бөлісті. Оның айтуынша, жастар арасында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, тарихи құндылықтарды насихаттау, батыр бабалар жолын үлгі ету, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру бағытында көптеген жаңа форматтағы жобалар жүзеге асырылмақ.

Өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы ел бірлігі мен егемендігін сақтап қалудың басты жолы – жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру екенін атап өтті. Ол патриотизмді ұранмен емес, нақты тәрбиелік іс-шаралармен жеткізу қажет екенін баса айтты. Мемлекеттік рәміздердің қадірін түсіндіру, ұлттық идеологияны күшейту, жастарды тарихи жадымен байланыстыра отырып тәрбиелеу – басты міндет екенін алға тартты. Жиын барысында қатысушылар ұлттық тәрбие мен рухани мұраны дәріптеудің, жастардың бойына елге деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілік сезімін сіңірудің маңыздылығына тоқталып, өз ойларымен бөлісті. Әрқайсысы отаншылдықты ұлықтайтын жаңа бастамалар ұсынды. Бұл – елдік пен егемендік жолында атқарылар іс әлі де мол екенін көрсетеді. Жиын соңында жауапты тұлғаларға аталған іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға қатысты нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы қатаң бақылауға алынатыны айтылды. Бұл – жастарға бағытталған жұмыстың жай сөзден іс жүзіндегі нәтижеге ұласуын қамтамасыз ететін маңызды қадам. Түркістан жастары – ұлттың рухын көтеретін алтын арқау. Сол рухты бекемдеу, оны болашаққа жеткізу – әрбір ұстаздың, әрбір басшының, әрбір ел жанашырының қасиетті борышы. Жастарға берілген тәрбие – ертеңгі Тәуелсіз Қазақстанның мызғымас тұғыры екенін естен шығармауымыз керек.

Ұқсас жаңалықтар

“ТҮРКІСТАН-САМАРҚАНД” БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛДЫ

redaktor_rastimes

Қасым-Жомарт Тоқаев Дипломатия институтының директорын қабылдады

redaktor_rastimes

Мемлекет басшысы Тәжікстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Пікір жазу