RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтартуризмЭкономика

ТҮРКІСТАННЫҢ ТҰЛҒАЛАНҒАН КЕЛБЕТІ: ЖАҢА СӘУЛЕТ ЖОБАЛАРЫ МАҚҰЛДАНДЫ

Түркістан – тарих пен бүгінгінің тоғысқан мекені. Көне шаһар жаңғыру жолында. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен сәулет кеңесінде өңірдің даму бағытындағы бірқатар жаңа жобалар талқыланды. Кеңес барысында облыс орталығы – Түркістан қаласында жүзеге асатын маңызды құрылыс нысандарының жобалары таныстырылып, жан-жақты зерделенді.

default

Жиында өңір басшысы қолға алынатын бастамалардың сапалы әрі уақтылы орындалуын, сонымен қатар олар Түркістанның Бас жоспары мен Дизайн кодына толық сәйкес келуі керектігін қатаң ескертті. Әрбір жоба – халықтың игілігі үшін қызмет етуі тиіс. Сондықтан қала сәулетіне үйлесімді, ыңғайлы әрі мәдени келбетке сай салынуы – басты талап.Түркістанның Бас жоспары 2040 жылға дейінгі дамуды қамтиды. Құжатта көне қаланың тарихи мұралары мен мәдени ескерткіштерін сақтай отырып, заманауи инфрақұрылымды дамыту көзделген. Туризмді өркендету мен қалалық ортаны жандандыру – басты басымдықтардың бірі. Дизайн код – Түркістанның сыртқы келбетін жүйелейтін басты құжат. Онда сәулеттік талаптар мен қала құрылысына қойылатын ережелер нақты жазылған. Мақсат – тарихи болмысты жоғалтпай, бірегей стиль қалыптастыру және тұрғындарға қолайлы орта жасау.Кеңесте жаңа көпқабатты тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың жобалары ұсынылып, олардың бірқатары мақұлданды. Кейбір жобаларға жетілдіру жұмыстары енгізілетін болды. Құрылыс жұмыстары көгалдандыру және абаттандырумен қатар жүруі тиіс екенін атап өткен өңір басшысы, тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді.Түркістанның болашағы – біртұтас ұлттық рух пен заманауи сәулеттің үйлесімінде. Бұл бағыттағы жұмыстар елдің игілігі мен ұрпақ қамы үшін тоқтаусыз жалғаса бермек.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан өңірі егістікке ерте қамданды

Алматыда қар: Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде

redaktor_rastimes

Мемлекет басшысы Руанда Президентінің арнайы өкілін қабылдады

Пікір жазу