RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰЛТ ҚУАТЫ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Түркістан облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани құндылық – ұлт қуаты» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Дін өкілдерінің басын қосқан шараның мақсаты – ұлттық руханияттың қоғамдағы орны мен маңызын айқындау, жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, сондай-ақ дәстүрлі құндылықтарды насихаттау.
Іс-шара модераторы Түркістан облысы Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы болды. Шарада «Ислам және қазақ құқығы орталығының» басшысы, дінтанушы-ғалым Асқар Кәлімжанұлы, Павлодар облысының дін істері басқармасы «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС-ң директоры, психолог Гүлназ Мақсұтқызы баяндама жасады.
Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан өңірінде әлеуметтік нысандар қатары артып, ауылдарда мәдениет пен спортты дамытуға тың серпін берілуде

redaktor_rastimes

Ауыл шаруашылығы саласының өкілдеріне 46 жаңа техника тапсырылды

redaktor_rastimes

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Қытайдың жаңа Елшісін қабылдады

redaktor_rastimes

Пікір жазу