RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарЭкономика

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 172 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Биыл облыс аумағында 172 нысанның құрылысы іске асырылуда. Оның ішінде, 127 нысанның құрылысы өткен жылы басталса, 45-і – жаңа нысандар.
Биыл 103 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланған. Атап айтқанда, облыс бойынша 1 әкімшілік ғимарат, 4 білім беру нысаны, 16 «Жайлы мектеп», 1 денсаулық сақтау және 1 әлеуметтік қолдау нысаны, 27 тұрғын үй, 26 инженерлік инфрақұрылым, 6 мәдениет және 16 спорт нысандары, 2 ауыл шаруашылығы нысаны пайдалануға тапсырылады. Сонымен қатар Түркістан қаласындағы «Парасат» паркіне реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп, «Тұран» арнайы экономикалық аймағына инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым тартылады.
Ал 69 нысанның құрылыс жұмыстары келесі жылға өтпелі. Жобаларды жүзеге асыру барысында 1 163 жұмыс орны құрылады. Оның ішінде, 139 – тұрақты, 1 024-і – уақытша.
Өңірде бой көтеріп жатқан ғимараттардың құрылыс сапасы тікелей аймақ басшысы Нұралхан Көшеровтің бақылауында тұр.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы — Бейжің бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды

redaktor_rastimes

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ IT УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

redaktor_rastimes

Ақмола облысы Жібек Жолы ауылының тұрғындары табиғи газға қол жеткізді

Пікір жазу