RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСпорт

«АРЫС» ФУТБОЛ КЛУБЫ ӨЗ АЛАҢЫНДА АЙҚЫН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Арыс қаласының Орталық стадионында өткен тартысты матчта жергілікті «Арыс» футбол клубы Қазақстан чемпионатының екінші лига командалары арасындағы 4-тур ойынында «Ордабасы (жастар)» командасын 2:0 есебімен айқын жеңіп, жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады.
Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ алаң иелері бастаманы өз қолына алды. Бірінші таймның 33-минутында команда ойыншысы Диас Исақұл шабуылды сәтті аяқтап, есепті ашты. Бұл гол команданың рухын көтеріп, ойынның қарқынын үдетті.
Екінші таймда да «Арыс» футболшылары ширақ қимылдап, қарсылас команда қақпасына қысымды күшейтті. Ақыры еңбектері ақталып, Ерболат Құралбаев әдемі соққымен есепті 2:0-ге жеткізді.
Ойын бойы арыстық жігіттер ұйымшылдық пен тәртіпті ойын үлгісін көрсетті. Қарсыластың бірнеше шабуылдарына лайықты тойтарыс беріп, өз қақпаларын голдан аман сақтап қалды.
Бұл жеңіс – команда жаттықтырушылары мен ойыншыларының үйлесімді еңбегінің жемісі. «Арыс» футбол клубын кезекті жеңісімен құттықтай отырып, алдағы ойындарда да толағай табыс пен сәттілік тілейміз!

Ұқсас жаңалықтар

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ 2000 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОЛЛЕДЖДЕРГЕ ГРАНТ БӨЛУДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

redaktor_rastimes

Түркістандағы тіршілікке тыныс берген құрылыс: Жыл соңына дейін миллион шаршы метрден астам баспана ел игілігіне берілмек

redaktor_rastimes

Пікір жазу