RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 100 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Түркістан қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті.
Тазалық шарасына Түркістан қаласына қарасты дербес бөлімдер мен 6 сектордың қызметкерлері, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердің өкілдері белсене атсалысты. Жалпы саны 800-ге жуық адам қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Сонымен қатар сенбілікке 15 арнайы техника жұмылдырылды.
Сенбілік барысында алдын ала белгіленген аумақтарда шөптер шабылып, ағаш түптері әктеліп, жаяу жүргіншілер жолдары сыпырылып, тұрмыстық және табиғи қоқыс қалдықтары жиналды.
Нәтижесінде 100 тоннадан астам қоқыс шығарылып, арнайы полигондарға жеткізілді.
Тазалық жұмыстары Түркістан қаласы аумағында экологиялық тұрғыдан маңызды деп танылған 18 учаскеде жүргізілді. Аталған аумақтарда санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру шаралары атқарылды.
Түркістан қаласы әкімдігі мен тиісті мекемелер қоршаған ортаны қорғау, өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту және қала аумағында санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағашта еңбек пен жердің берекесі: халық қалаулылары диқан еңбегіне куә болды

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы IX қысқы Азия ойындарында ІІ орын алды

redaktor_rastimes

Сарыағашта тұрмыстық қалдықтар игілікке айналуда: Қоқыстан жәшік өндіретін цех табысты жұмыс істеуде

Пікір жазу