RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСпорт

ҚАЗЫҒҰРТТА АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА БИЛЬЯРДТАН ЖАРЫС ӨТТІ

Қазығұрт ауданында «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт» бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, ардагерлер арасында бильярдтан аудандық жарыс өтті.
Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев қатысып, қарияларға жылы лебізін білдіріп, ел үшін еңбек сіңірген қариялардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті.
Аталған сайыстың мақсаты – ардагерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақыттарын тиімді өткізуге жағдай жасау, сонымен қатар бильярд ойыны арқылы ептілік пен мергендікті арттыру.
Ептілік пен мергендікті қажет ететін сайыста ардагерлер жарыс басталған сәттен бастап дәлдік пен шеберліктерін көрсетіп, әрбір қатысушы өзгеше ойын өрнегімен жарыс көркін қыздырды. Қариялар арасындағы достық пен сыйластық, бәсекелестік пен бірлік көрініс тапқан жарыс жоғары деңгейде өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша 1-орынды Кәрібай Досанбаев жеңіп алды. Жүлделі 2-орынды Шамшиддин Жамашев иеленсе, 3-орынды Оңғарбай Бекмұрза місе тұтты.
Жарыс соңында жеңімпаз атанған қатысушыларға кубок, медальдар және арнайы алғыс хаттар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы А.Касымалиевті қабылдады

redaktor_rastimes

«Бәйтерек» холдингі директорлар кеңесінің отырысы өтті

redaktor_rastimes

Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу: ИКАО өкілімен кездесу өтті

redaktor_rastimes

Пікір жазу