RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТҮЙІНДІ ТЕНДЕНЦИЯЛАР МЕН НЕГІЗГІ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Созақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Наталья Қожабекованың қатысуымен «Еңбекті қорғау жүйесіндегі түйінді тенденциялар мен негізгі перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға аудан аумағындағы өндіріс орындарының өкілдері қатысты.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов ашып, жүргізді. Шара барысында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Наталья Сұңғатқызы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған қолданыстағы заңнама туралы айтып, қоғамдағы азаматтардың құқықтарын сақтау мен қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне тоқталды.

Сонымен қатар «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы, Созақ аудандық филиалының төрағасы Мыңжасар Асқаров Еңбек кодексіндегі азаматтардың құқықтарына қатысты негізгі баптарды түсіндірді.

Жиынға қатысқан өндіріс орындарының өкілдері өз кәсіпорындарындағы еңбек құқықтарын сақтау бағытындағы профилактикалық шаралар туралы мәлімет беріп, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

admin_rastimes

Мемлекет басшысы Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы А.Касымалиевті қабылдады

redaktor_rastimes

“ТҮРКІСТАН-САМАРҚАНД” БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛДЫ

redaktor_rastimes

Пікір жазу