RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарЭкономика

Қазақстанда ірі және ұсақ малдың асыл тұқымды аналық басын экспорттауға тыйым салынды

Қазақстанда ірі және ұсақ малдың асыл тұқымды аналық басын экспорттауға тыйым салынды
Ауыл шаруашылығы министрінің қызметін атқарушы және Қаржы министрінің 2024 жылғы 27 тамыздағы «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығы бекітілді.

«Алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан асыл тұқымды ірі қара және ұсақ малдың аналық басын әкетуге тыйым салу енгізілсін», — делінген құжатта.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылданған шаралардың қолданылуы туралы заңнамада белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етуге міндеттелді.

Бірлескен бұйрық 2024 жылғы 13 қыркүйекте күшіне енеді.

Қазақстанда бұқалар мен қошқарларды экспорттауға шектеуді ұзартуды жоспарлап отырғанын айттық.

Дереккөз: Zakon.kz

Ұқсас жаңалықтар

Президент Денсаулық сақтау министрін қабылдады

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІ РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП КЕЛЕДІ

Өзбекстан 1 қазанға дейін Қазақстанға 16 млрд. текше метр су жібереді

redaktor_rastimes

Пікір жазу