RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Халықты әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін арттыру жөнінде кеңес өтті

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге қатысты тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова цифрлық шешімдерге негізделген жаңа тәсілдермен таныстырды, бұл қолдау шараларының қайталануын болдырмауға және «әлеуметтік әділеттілік» қағидатына сәйкес әлеуметтік игіліктерді бөлу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Биылғы наурыз айындағы жағдай бойынша елімізде 4 млн-нан астам азамат түрлі әлеуметтік қолдау, атап айтқанда, атаулы көмек, көп балалы отбасыларға арналған төлемдер, мүгедектігі бойынша жәрдемақылар, босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі төлемдер, халықтың аз қамтылған топтарын қолдау сынды шаралармен қамтылған.

Бұл ретте «Отбасының цифрлық картасы» деректерін талдау тек 564 мың азаматтың өмірлік қиын жағдайға тап болғандар санатына жататынын көрсетеді. Осыған байланысты әлеуметтік көмек көрсету санаты қағидатынан нақты мұқтаждық өлшемдеріне көшуге бағытталған тетік қарастырылуда.

Сондай-ақ мұқтаж азаматтарды қамтудағы өңірлік диспропорциялар проблемасын шешу мәселесіне назар аударылды. Атап айтқанда, облыстар мен қалаларға қарамастан төлем түрлері мен мөлшерін бір жүйеге келтіру туралы идеялар айтылды.

Олжас Бектенов Үкімет жұмысының басым бағыты мұқтаж азаматтардың тұрмыс деңгейі әрі қарай қанағаттанарлық санатқа көшуі үшін оларды қолдау шараларымен қамту екенін атап өтті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму министрліктеріне мұқтаждық деңгейін бағалау үшін жақын арада халықтың әл-ауқатын жан-жақты талдау жұмыстарын аяқтау тапсырылды. Мұқтаждар жүйесіне кірмеген азаматтар бойынша жеке жұмыс жүргізу жүктелді.

Дереккөз: primeminister.kz

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту шараларын талқылады

redaktor_rastimes

Қазақстанда 2024 жылы 18,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген

redaktor_rastimes

Өзбекстан 1 қазанға дейін Қазақстанға 16 млрд. текше метр су жібереді

redaktor_rastimes

Пікір жазу