RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСаясатЭкономика

Алатау қаласында инвестициялық жобаларды іске асыру келешегі талқыланды

Олжас Бектенов CAMCE компаниясының басшысы Ли Хайсинмен Алатау қаласында инвестициялық жобаларды іске асыру келешегін талқылады.

Мемлекет басшысының еліміздің экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты күшейту туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Үкімет қалыптасқан мәселелерді жедел шешу және инвестициялық жобаларды уақтылы іске қосу үшін бизнес өкілдерімен өзара іс-қимылды нығайтты.

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов қытайлық China CAMC Engineering Co., Ltd. (CAMCE) компаниясының президенті Ли Хайсинмен кездесу өткізді.

China CAMC Engineering Co., Ltd. – 60-тан астам елде инфрақұрылымды, өнеркәсіпті және энергетиканы дамыту салаларында кешенді EPC-жобаларды іске асыратын және Қытайдың Sinomach Group (China National Machinery Industry Corporation) машина жасау жөніндегі ірі мемлекеттік конгломератының құрамына кіретін жетекші халықаралық инжинирингтік компания.

Компания президенті Ли Хайсин Алатау қаласының көлік-логистикалық және индустриялық инфрақұрылымын дамыту саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары туралы бірқатар ұсыныстарды айтты. «Орта дәлізді» дамыту аясындағы ынтымақтастыққа назар аударылды.

«Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі – барынша қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру. Бұл нақты экономикаға тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға және еліміз үшін маңызды жобаларды іске асыруды қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Соңғы алты жылда елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі шамамен $130 млрд-ты құрады. Бұл ретте Мемлекет басшысының шикізаттық емес салалардың тартымдылығын арттыру бойынша бастамашылық жасаған шаралары нәтиже беруде – шикізаттық емес секторға шетелдік инвестициялар $72,7 млрд-ты құрады, яғни шетелдік әріптестер қайта өңдеу өнеркәсібі салаларына көбірек инвестиция сала бастады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Кездесу қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға инвестициялық ұсынысты егжей-тегжейлі пысықтау тапсырылды.

Дереккөз: primeminister.kz

Ұқсас жаңалықтар

Үкіметте Инвестициялық штабтың отырысы өтті

redaktor_rastimes

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы IX қысқы Азия ойындарында ІІ орын алды

redaktor_rastimes

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті

redaktor_rastimes

Пікір жазу