RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарЭкономика

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жаңа министр таныстырылды

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңа басшысын таныстырды.

Олжас Бектенов Қанат Шарлапаевқа салаларды, әсіресе, өңдеу өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Отандық өндірушілерді қолдау шараларын кеңейту, заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің көлемі соңғы 10 жылдағы ең серпінді өсімге қол жеткізіп, 5,9%-ға өсті.

Жаңа министр – Ерсайын Нағаспаевты таныстыру барысында Премьер-министр қол жеткізілген нәтижелерді бекіту және өңдеу өнеркәсібінің одан әрі өсуін қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді атап өтті.

Импортты алмастыруды қамтамасыз ету және экспортты кеңейту үшін қосылған құны жоғары өнім шығаруды жандандыру жөнінде бірқатар тапсырма берілді. Инвесторлармен және бизнес өкілдерімен тығыз қарым-қатынасқа баса назар аударылады.

ӨҚМ ұжымына Президенттің құрылыс саласын дамыту және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша міндеттер белгіленді.

Дереккөз: primeminister.kz

Ұқсас жаңалықтар

Татулыққа бастар жол: Түркістанда өткен пікірсайыс алаңы жас буынның үнін танытты

redaktor_rastimes

Түркістан төрінде татулық тұғыры биіктеді: «Достық керуені» жобасы рухани шаһарда жалғасты

redaktor_rastimes

КЕЛЕСТЕ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ НЫСАНДАРЫН ЖАҢҒЫРТУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

redaktor_rastimes

Пікір жазу