RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарПрезидент

Мемлекет басшысы Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлест деп хабарлайды akorda.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, бауырлас түрік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде толағай табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-түрік кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту перспективасын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Рамазан айының қарсаңында екі елдің бауырлас халықтарына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

 

Ұқсас жаңалықтар

КЕЛЕСТЕ ЖАҢА БАҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖОБАСЫ АЛҒАШҚЫ ӨНІМІН БЕРДІ

redaktor_rastimes

Түркістан облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Халықтық Конституцияның күшіне енуімен баршаңызды құттықтайды!

Кемсітушілікке қарсы заңнаманы әзірлеу жайы талқыланды

Пікір жазу