RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарКәсіпСаясатҚоғам

Түркістанда145 инвестициялық жоба жүзеге асады

Түркістан блысының әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, өңір экономикасының дамуына тың серпін беру үшін  2024-2027 жылдар аралығында жалпы құны 2,5 триллион теңге болатын 145 инвестициялық жобаны жүзеге асыру – басты мақсаттардың бірі болып белгіленген. Нәтижесінде 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.
Жұмыс сапары барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қытайлық «Xinjiang Lihua (Group) Co.Ltd» компаниясымен өңірде мақтаның элиталық сұрыптарын өсіру және тоқыма кластерін құру жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатқаны баяндалды.
Бұдан бөлек, ірі жобалардың қатарында қуаты 926,5 МВт бу-газ қондырғысының, 800 МВт күн және жел электр станцияларының, Түркістан қаласындағы бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы, дрон және бейнебақылау камералары, газ қазандықтары, тұрмыстық техника, тау-кен және металлургия кешеніне арналған құрылғылар, алюминий бұйымдар өндірісі секілді маңызды бастамалар бар.
Мемлекет басшысына бойлерлер, трансформаторлар мен электр техникасы жабдықтарын, ауыл шаруашылығы техникасын, құрылыс материалдары мен химиялық заттар өндіретін, жүгеріні терең өңдейтін, сусын, киім-кешек, аяқ киім, жиһаз түрлерін шығаратын кәсіпорындар таныстырылды.

Ұқсас жаңалықтар

«ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» АРҚЫЛЫ ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК БЕРІЛЕДІ

redaktor_rastimes

Алматыда «Plastic Reboot» акциясы басталды: пластикалық бөтелке өткізіп, ақша тап!

Президент: Сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты

admin_rastimes

Пікір жазу