RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарЭкономика

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕГІС КӨЛЕМІН 906 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖЕТКІЗУ КӨЗДЕЛУДЕ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков бүгін көктемгі дала жұмыстарына дайындықты пысықтады.
Биыл егіс көлемін 37 мың гектарға ұлғайтып, 906 мың гектарға жеткізу көзделуде. Басқарма басшысының орынбасары Әлібек Плаловтың мәлімдеуінше, егістікті әртараптандыру арқылы өнімділікті жаңа технология әдісімен ұлғайту үшін биыл 58 мың гектарға мақта егіледі. Тәжірбие көрсеткендей, технологияның тиімділігі – суды, минералды тыңайтқыштарды және жұмыс күшін үнемдей отырып, кемінде 60 центнерден өнім алуға болады (орташа көрсеткіштен 2,5 есе жоғары). Бұл бойынша шаруалармен кездесулер ұйымдастырылып, тиімділігі түсіндірілуде.
Қазіргі таңда облыс аумағындағы егістік жердің 51 пайызы айдалды. Дала жұмыстарына 25 мың техника қолданылуда. Ал ауыл шаруашылығы құрылымдарында 12 мың трактор, 1 мың дәнсепкіш, 554 соқа және 1 мың қопсытқыш құралдары бар.
Нұрбол Тұрашбеков қосымша 47 мың гектарға су үнемдеу технологиясын ендіру бойынша аудан-қала мүмкіндіктерін ескере отырып, жұмысты жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар жоспарланған ірі инвестициялық жобалардың мерзімінде жүзеге асуын тежеуі мүмкін ықтимал мәселелер тізбесін жасап, заң аясында алдын алуға жұмыс жүргізуді ескертті.
 Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев Доха форумының панельдік сессиясына қатысты

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ ГЕКТАРҒА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЕНГІЗІЛІП, ОСЫ БАҒЫТТА 3 ӨНДІРІС ОРНЫ АШЫЛДЫ

redaktor_rastimes

Пікір жазу