RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарПрезидент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев СNNC компаниясының бас директорын қабылдады

Қытайдың Ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының (СNNC) басшысымен кездесуде атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шэнь Яньфэнге Қазақстанның аталған саланы дамыту жөніндегі жоспарын таныстырып, таяуда Ядролық энергетика агенттігін құру туралы маңызды шешім қабылданғанына назар аударды. Бұл ұлттық экономика алдындағы стратегиялық міндетті жүйелі түрде жүзеге асыруды көздейді.

Президент Қытай Халық Республикасының атом энергетикасында көшбасшы саналатын CNNC тәжірибесіне еліміздің қызығушылық танытып отырғанын айтты.

Шэнь Яньфэн Мемлекет басшысына компанияның Қытайдағы және одан тысқары жерлердегі жобалары туралы мәлімет берді.

Әңгімелесу барысында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланатын озық технологияларды зерделеу және қазақстандық мамандарды оқыту бағытындағы ықпалдастық мәселелері қарастырылды.

Дереккөз: akorda.kz

Ұқсас жаңалықтар

САРЫАҒАШТАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨНДІРІС ІШКІ НАРЫҚТЫ ОТАНДЫҚ ӨНІММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ

Ордабасы ауданында мектептерді жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

redaktor_rastimes

Шығыс Қазақстан облысы активіне жаңа әкім таныстырылды

redaktor_rastimes

Пікір жазу