RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарПрезидент

Мемлекет басшысы Иордания музейіне барды

Иордания, Амман қаласы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Амманға ресми сапары аясында Иордания музейін аралап көрді. Мемлекет басшысын аталған нысанда ханзада Әли бен әл-Хусейн, Иордания музейі Қамқоршылар кеңесі төрағасының орынбасары, ханшайым Сумайя бинт Хасан мен музей директоры Ихаб Амарин қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев көрме залдарын аралап көріп, музей қорында сақталып тұрған сирек жәдігерлермен және экспонаттармен танысты. Сондай-ақ Мемлекет басшысына Иордан Хашимит Корольдігіндегі ең үлкен музейдің құрылу тарихы жөнінде мәлімет берілді.

Музейдегі ерекше көрменің бірі – Кумран қолжазбалары. Онда тарихи құндылығы зор мыс қолжазбалардың фрагменттерімен танысуға болады.

Иордания музейі тұрақты экспозициядан бөлек, ұлттық тарих пен мәдениетті дәріптеу үшін уақытша көрмелер, дәрістер, семинарлар мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырады.

Президент нысанды аралап көрген соң Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Дереккөз: akorda.kz

Ұқсас жаңалықтар

Түлкібаста тағдыр тоғысқан еңбек алаңы: Ашық диалог, нақты жоспар, шынайы нәтижелер

redaktor_rastimes

Мемлекет басшысы Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАН: «ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТҮЙІНДІ ТЕНДЕНЦИЯЛАР МЕН НЕГІЗГІ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Пікір жазу