RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарПрезидент

Мемлекет басшысы Болгария Президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Республикасының Президенті Румен Радевке осы елдің ұлттық мерекесі — Азат ету күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті құттықтауында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі.

Дереккөз: akorda.kz

Ұқсас жаңалықтар

Саяжай бақшасына қарасора өсірген

Түлкібас ауданында өндіріс пен туризм қатар дамуда: жылына 48 мың тонна құс етін өндіретін ірі жоба жүзеге асырылуда

Ұлттық банк валюта нарығы туралы хабарлама таратты

admin_rastimes

Пікір жазу