RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарҚоғам

Елордада жүк көліктері бір түнде 3500-ден астам рейс жасап, қар тасымалдады

Қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде қар күреу жұмысын тәулік бойы жүргізіп жатыр. Бұл жұмысқа күн сайын 2,5 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

6 ақпан күндізгі ауысымда қар тазалауға 2627  жұмысшы мен 1600-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

Ақпанның 5-і мен 6-сына қараған түні елордадан 3 566 рейспен қар полигондарына 51 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бері ауыр жүк көліктерімен 421 721 рейс жасалып,  қаладан 5,1 миллион текше метрден астам қар шығарылды.

Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.

Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.

 

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

redaktor_rastimes

Қазақстанда әкімдерді сайлаудың жаңа жүйесі іске қосылады

admin_rastimes

Нидерланды сарапшылары су саласындағы тәжірибелерімен бөлісуде

Пікір жазу