Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес инвестиция тарту жұмыстары күшейтіліп, өндіріс орындары ашылуда. Инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында Арыс қаласында өндірістік парктің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осы ретте қала әкімі Қайсар Маңқараев Арыс–Шардара тас жолы бойында салынып жатқан өндірістік парк аумағында болып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Мердігер мекемеге жұмыс қарқынын арттырып, нысандарды белгіленген мерзімде сапалы аяқтауды тапсырды.

