RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

Абзал Дәулетәліұлы: Мақсат – әділетті еңбек нарығы, әр адам – назарда, әр жұмыс – бақылауда!

Бүгін Түркістан облысы Еңбек мобильділігі орталығында маңызды мәжіліс өтті. Мекеме басшысы Абзал Дәулетәліұлының төрағалығымен өткен жиынға өңірдегі барлық мансап орталықтарының директорлары қатысты. Күн тәртібінде жұмыспен қамту бағытындағы жобалардың орындалу барысы мен алдағы межелер қаралды.
Мәжіліс барысында өңірлік көрсеткіштер сараланып, нақты тапсырмалар берілді. Жұмысты жүйелеп, халықтың сұранысына сай еңбек нарығын қалыптастыру – басты міндет.
Орталық директоры Абзал Қазанқапов өз сөзінде:
“Жұмыс – әр азаматтың құқығы. Біз халыққа тек есеп емес, нақты нәтиже көрсетуіміз керек! Әрбір бос жұмыс орны, әрбір жолданған азамат – артында тағдыр, үміт, отбасы тұрған жауапкершілік. Сондықтан енді тек жоспар емес, жүйелі орындалған жұмыс сұралады!” – деп нақты тапсырма берді.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде жұмыспен қамту бағытында жүйелі жоспарлар жүзеге асырылуда.
Көрсеткіштерге сүйенсек, жыл басынан бері өңірде 37 200 жаңа жұмыс орны ашылған.
Оның ішінде:
• 7 883 адам бос жұмыс орындарына жолданды,
• Президент тапсырмасына сай – 972 жаңа жұмыс орны құрылды,
• 12 621 азамат өтпелі субсидияланған жұмыс орындарына,
• 15 724 азамат тұрақты субсидияланған жұмыс орындарына жолданды.
Субсидияланған жұмыс орындарының бөлінісі:
• Жастар практикасы – 1 048 адам
• Қоғамдық жұмыс – 11 622 адам
• Әлеуметтік жұмыс орындары – 3 259 адам
Сонымен қатар, 25 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 4 000-нан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Бастау Бизнес жобасы аясында – 519 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылса,
онлайн курстар арқылы 3 458 азамат жаңа мамандық меңгерген.

Ұқсас жаңалықтар

Кадр әзірлеу бағыттарын кеңейтуге Британ университеті әзір әрі мүдделі

redaktor_rastimes

Түркістан облысында алғаш рет бауыр трансплантациясы жасалды

redaktor_rastimes

Елордада жүк көліктері бір түнде 3500-ден астам рейс жасап, қар тасымалдады

redaktor_rastimes

Пікір жазу