RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарКәсіпСпортҚоғам

Диқан спорт кешенін тарту етті

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы Дайындық ауылында жаңа спорт кешені ашылды. Оның ашылуына СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Мәжіліс депутаттары, ақсақалдар мен ауыл тұрғындары қатысты.

Бұл керемет нысанның ашылуы — ауыл кәсіпкері, диқан әрі ауыл жанашыры Біржан Шәймерденовтың еселі еңбегінің нәтижесі дейді жерлестері. Біржан Әбділманұлы бүгінде ауыл тұрғындарына барлық жағдайды жасап, оларды қолдап келеді. Жаңа спорт кешені тұрғындарға спорттың әртүрлі түрімен айналысуға мүмкіндік береді, әсіресе ұлттық спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлінген.

Облыста осылайша әлеуметтік жауапкершілікті өз мойнына алып, ауылдарын гүлдендіріп отырған шаруалар көп. Олар тек еңбек шарттарын жақсартып қана қоймай, ауылдықтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосуда.

Дереккөз: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

redaktor_rastimes

ҚАЗЫҒҰРТТА ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

redaktor_rastimes

Рәміз – Рухтың Нышаны, Мәңгіліктің Бастауы

redaktor_rastimes

Пікір жазу