RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарҚоғам

Aқтөбеде жаңа таңайындау

Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымына Сұлтан Асқарұлы Аманчин тағайындалды.

Сұлтан Аманчин 1993 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 2013 ж. – Ақтөбе сәулет-құрылыс колледжін «Сәулет», 2016 ж. – Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «Құрылыс» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2014 жылы «Ақтөбе геодезия орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жобалаушысы болып бастаған.

2015–2020 жж. – «Shanyrak-Aktobe» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры; 2020–2023 жж. — Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары, Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары, Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2023 жылдың қараша айынан бастап Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

 

Дереккөз: Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайты

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша келіссөз жүргізілді

redaktor_rastimes

Алматыда агро-дрондарды басқаратын мамандар даярланады

redaktor_rastimes

Ордабасы төрінде от тұтанып, ауылдарға жылу жетті: Тоқсансай, Береке мен Сарытоғайға табиғи газ берілді

redaktor_rastimes

Пікір жазу