RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарКәсіпСұхбатҚоғамӘлем

Атырауда басқарма басшысы тағайындалды

Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына Полымбет Хасанов тағайындалды. Ол бұған дейін кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында басшы болды,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Полымбет Хасанов 1980 жылы Индер ауданында дүниеге келген. Қазіргі заманғы гуманитарлық университетінде «Заңгер» мамандығын тәмәмдаған. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экономика және басқарудағы бизнес-аналитика мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолы:

2002-2005 жылдар аралығында облыстық Ішкі істер департаменті жүйесінде жұмыс істеген.
2005-2006 жылдар аралығында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде бас маман;
2006-2010 жылдар аралығында облыс әкімі аппаратында бас маман, облыс әкімінің бас инспекторы;
2010-2014 жылдар аралығында Мақат ауданы әкімдігінде аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары лауазымдарында болған.
2014 жылы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары;
2014-2019 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы, кейіннен Атырау қаласы әкімінің орынбасары;
2019 — 2021 жылдар аралығында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары;
2021 — 2023 жылдар аралығында Исатай ауданы әкімі;
2023 жылдан тағайындалғанға дейін облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметін атқарды.

 

Дереккөз: Атырау облысы әкімдігінің ресми сайты

Ұқсас жаңалықтар

Қымыздан балмұздақтың 18 түрін шығарады

redaktor_rastimes

АҚШ Венесуэла президентінің ұшағын тәркіледі

admin_rastimes

Президент: Сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты

admin_rastimes

Пікір жазу