RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСпортҚоғамӘлем

Қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырында

▪️Әуесқой бокс: Черногорияның Будва қаласында мәресіне жеткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының боксшылары ел қоржынына 17 жүлде (6 алтын, 1 күміс, 10 қола) салды.

▪️Күрес: Албанияның бас қаласы Тиранада өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында (олимпиадалық емес салмақтарда) Қазақстан құрамасының палуандары 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды. Жаһандық додада еркін күрес өкілі Нұрқожа Қайпанов (70 кг) топ жарса, грек-рим шебері Ержет Жарлықасын (63 кг) мен әйелдер күресінен Жәмилә Бақбергенова (72 кг) күміс медаль иеленді.

▪️Таэквондо: Қатар астанасы Дохада ұйымдастырылған таэквондодан халықаралық турнирде еліміздің ересектер құрамасы 8 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль еншілесе, кадеттер командасы 5 алтын, 8 күміс, 6 қола медаль олжалады.

▪️Шайбалы хоккей: Қытайдың Бейжің қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлдеге ие болды. Жерлестеріміз үшінші орын үшін өткен ойында Оңтүстік Корея құрамасынан басым түсті.

▪️Үстел теннисі: Словакияның Сенец қаласындағы WTT Youth Contender турнирінде Жания Бекмұхамбетова топ жарды. Отандасымыз 11 жасқа дейінгі балалар арасында үздік шықты.

 

Дереккөз: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Ұқсас жаңалықтар

«Эко такси» таза экологиялық жобасы іске қосылды

Алматыда Азия-Тынық мұхиты аймағы жетекші университеттерінің өкілдері бас қосты

СУ КОДЕКСІНІҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ БІРАУЫЗДАН МАҚҰЛДАНДЫ

redaktor_rastimes

Пікір жазу