RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР ТҰРҒЫН АЛАБЫ ГАЗДАНДЫРЫЛДЫ

Шымкенттегі 60 мыңнан астам халқы бар Қайнарбұлақ тұрғын алабында газ құбырының құрылысы 2022 жылы басталған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков халықты сапалы қызметпен қамтуда жауапты тұлғаларға газ құбырын пайдалануға беруді жеделдетуді тапсырды.

Айта кетейік, бүгінде абоненттердің 60% — көгілдір газға қол жеткізді, ал 40% — ы биыл қараша айының соңына дейін қосылады. Тұрғындар қазірден көгілдір отын тұтынуға өтініш бере алады.
Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін Ынтымақ-2, Тассай, Бозарық және Көктөбе шағын аудандарының тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Дереккөз: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

redaktor_rastimes

«ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ» «КИБЕРКЕҢІСТІКТЕ АҚПАРАТТЫ ТҰТЫНУ МӘДЕНИЕТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Тәңіртаудың Төбесінде Ту Тігілді: Қазығұрт жастары биіктікке рухпен өрлеп, елдік ұран көтерді

redaktor_rastimes

Пікір жазу