RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарМәдениетСаясатҚоғам

«ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ» «КИБЕРКЕҢІСТІКТЕ АҚПАРАТТЫ ТҰТЫНУ МӘДЕНИЕТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Киберкеңістікте ақпаратты тұтыну мәдениеті» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – киберкеңістікте ақпаратты тұтыну мәдениетін арттыру, жалған ақпараттың таралуына қарсы заң аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және өзекті мәселелерді, ұсыныстарды талқылау, ақпараттық жұмыстарды жетілдіру.
Семинарға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев модераторлық етті.
Бірлікті бекемдеуге бағытталған жиынға Түркістан облыстық ҚХА жанындағы құрылымдардың төрағалары мен мүшелері, облыстық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, БАҚ өкілдері, жастар, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ-нің аудандық, қалалық филиалдарының мамандары қатысты.
Жиында спикерлер қатарында болған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Садуақасова, Түркістан облысы прокурорының аға көмекшісі – топ басшысы Ербол Тұрсынбаев, Түркістан облысы ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек және «Turkistan TV» телеарнасының басқарушы директоры Жанна Жайлаубайқызы мазмұнды баяндама жасап, этносаралық қатынастар туралы халыққа ақпарат берудің басты ерекшелігі және жауапкершілігі жайында сындарлы пікірлерімен, пайдалы тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар семинарға ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті ақпарат және киберқауіпсіздік басқармасының қызметкері Сәкен Әуесбеков, Түркістан облысы Полиция департаментінің басқарма бастығының орынбасары Қуанышбай Жұмаділдаев қатысты.
Семинар барысында қатысушылар белсенділік танытып, пікір-ұсыныстарын ортаға салды.
Іс-шара соңында кофе-брейк ұйымдастырылып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АӘК АЛУШЫЛАР САНЫ 2 ЕСЕ АЗАЙДЫ

Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Франция Іле-Балқаш бассейнін зерттейді

Пікір жазу