RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарЗаң және тәртіпПрезидентСаясатҚоғамҮкімет

Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға кімдер қатысты?

Ақордада өткен іс-шараға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-министр Олжас Бектенов, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері, облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, сондай-ақ Конституциялық комиссия мен Жалпыұлттық коалиция мүшелері қатысты.

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумның қорытындысын жариялаған соң Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Салтанатты жиында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан елеулі үлесі, заңдылық пен тәртіпті нығайтуға сіңірген еңбегі үшін бірнеше қазақстандыққа мемлекеттік наградаларды табыс етті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Ұрпақ жадындағы ерлік: Түркістанда майдангер Серікбай Абдіқұловқа арналған тағылымды бұрыш ашылды

redaktor_rastimes

«Инвестиция тарту – әкімдер мен министрлердің басым міндеті»

redaktor_rastimes

Бәйдібекте ұлттық рухты жаңғыртқан ерекше бастама: «Ауыл Live» жастар сайысы өтті

Пікір жазу