RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарҚоғам

Ескі үйлердің орны алаңға айналды

Республика күні қарсаңында Астанадағы Байқоңыр ауданында С.Торайғыров көшесі, 2-үйінің жанындағы аумақта жаңа қоғамдық кеңістік ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл абаттандыру тұрғындар үшін көптен күткен оқиға болды, бұрын бұл аумақта тозығы жеткен және қираған ғимараттар болған.

Жұмыс барысында 3000 шаршы метр аумаққа асфальт төсеу, ал 2000 шаршы метрге тартан төсеу жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін футбол алаңы, workout-аймақ, беседкалар мен урналар, сондай-ақ сәндік демалыс аймағы жабдықталған. Қосымша үлкен автотұрақ орнатылды.
Сонымен қатар жарықтандыру тіректері орнатылып, көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Салтанатты іс-шара барысында аудан оқушылары концерттік бағдарлама, жаңа футбол алаңында балалар арасында турнир және ересектер арасында түрлі эстафеталар ұйымдастырды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Астанада барлығы 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Жұмыстармен қаланың барлық аудандары, соның ішінде тұрғын алаптары қамтылған. Жұмыстың көп бөлігі аяқталды.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Премьер-министрді қабылдады

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДЕЗИНСЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

redaktor_rastimes

Түркістанда халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген жандарға құрмет көрсетілді

redaktor_rastimes

Пікір жазу