RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарЭкология

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІС НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІС НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысында биылғы көктемгі егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр. Диқандар дала жұмыстарына ерте кірісіп, жұмыстарды уақытында атқаруда. Қазіргі таңда облыс бойынша жер жырту жұмыстары 90 пайызға орындалды. Ал сор шаю жұмыстары 65 пайызға жетті. Барлық жұмыстар облыс басшылығының жіті бақылауында.

▪️Биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары 919 мың гектар жерге егіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 мың гектарға артық. Оның ішінде 536 мың гектарға жаздық дақылдар, 208 мың гектарға күздік егіс, ал 175 мың гектарға жоңышқа өсіріледі.

▪️Егіс көлемінде бірқатар өзгерістер бар. Мақта 162 мың гектарға егіледі, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 мың гектарға көп. Жүгері 55,2 мың гектарға, мақсары 85,4 мың гектарға дейін ұлғайды. Ал суды үнемдеу мақсатында күріш алқабы қысқартылып, 3,5 мың гектарды құрайды.

▪️Ерте пісетін көкөністер мен картопты 24 мың гектарға егу жоспарланған. Бүгінгі күнге оның 7 мың гектарына егіс жүргізілді.

▪️Шаруалар тұқыммен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар биыл егіс алқаптарына 204 мың тонна минералдық тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр. Қажетті тыңайтқыш көлемі алдын ала келісілген. Көктемгі дала жұмыстарына 37,4 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы дайын.

▪️Шаруаларды қолдау мақсатында тауар өндірушілерді несиелендіруге 37 млрд теңге бөліну жоспарланған. Бүгінде 7 млрд теңгеге 331 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ көктемгі жұмыстарға қажетті 53 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінді.

▪️Жалпы, Түркістан облысында көктемгі егіс жұмыстары белгіленген мерзімде жүргізілуде. Бұл – мол өнім алуға және өңірдің ауыл шаруашылығын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Ақмола облысында орақ науқаны қызды

redaktor_rastimes

Үкіметте мал шаруашылығын цифрлық трансформациялау мәселесі қаралды

redaktor_rastimes

Тұран төсінде төгілген күй: Түркістанда күй өнерінің жас саңлақтары анықталды

redaktor_rastimes

Пікір жазу