RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарҚоғам

ОРДАБАСЫДА ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ордабасы ауданындағы «Отбасын қолдау орталығы» мемлекеттік мекемесінің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды. Салтанатты шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан тұрғындары, жауапты қызметкерлер мен ардагерлер қатысты.
Аудан әкімі Азат Оралбаев орталықтың маңызды әлеуметтік рөлін атап өтіп, жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
– Бұл ғимарат – жай кеңсе емес. Мұнда өмірлік қиындыққа тап болған азаматтарға үміт сыйлайтын, бағыт-бағдар көрсететін, қолдау мен қамқорлықтың мекені болмақ. Көрсетілетін қызметтердің сапасы артып, халыққа қолжетімділігі кеңейеді, – деді ол.
Бұл орталықта өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар мен отбасыларға әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ пробация есебіндегі азаматтармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары да жүзеге асырылуда.
Аудан бойынша 900-ден астам тәуекел топтағы отбасы анықталғанын ескерсек, орталықтың қызметі ерекше маңызды.

Ұқсас жаңалықтар

Рухани үндестік – өнерде

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ ТАНЫМҒА ТОЛЫ САЯХАТ: 67 ЖАСТАҒЫ МАРОККОЛЫҚ ЖОЛСАПАРШЫ ЖЕР ЖҮЗІН АРАЛАП, ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ЖЕТТІ

redaktor_rastimes

Түркістан – Қытай ынтымақтастығы: Ауыл шаруашылығы мен инвестиция саласындағы жаңа серпін

redaktor_rastimes

Пікір жазу