RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтаринвестицияКәсіп

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН НЕГІЗСІЗ ӨСІРГЕН САУДА ОРНЫНДАРЫНА 28 ӘКІМШІЛІК ШАРА ҚОЛДАНЫЛДЫ

Түркістан облысы аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және негізсіз қымбаттауға жол бермеу мақсатында бақылау шаралары күшейтілді.
Облыс әкімдігінің бастамасымен сауда нысандарында тұрақты мониторинг жүргізіліп, сауда үстемақысының сақталуы бақылануда. Бүгінде өңірде арнайы құрылған мобильді топтар базарлар мен ірі сауда желілерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сауда желілеріндегі баға үстемесін қадағалау мақсатында тұрақты мониторинг жұмыстары ұйымдастырылуда. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын негізсіз өсіргені үшін сауда орындарына қатысты 28 әкімшілік шара қолданылды. Нәтижесінде 102 860 теңге айыппұл салынып, толық өндірілді. Ал 2025 жылы 97 әкімшілік шара қолданылып, 564 250 теңге өндірілген.
Сонымен қатар бағаны тұрақтандыру мақсатында тұрақтандыру қоры арқылы ірі сауда нүктелеріне азық-түлік тауарлары жеткізіліп, делдалдық тізбекті қысқарту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Әкімдіктің тұрақтандыру қорында 22 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қалыптастырылған. Сондай-ақ ірі сауда желілерімен және тауар өндірушілермен меморандумдар жасалған. Нарықтағы бағаны тұрақтандыру немесе төмендету мақсатында тұрақтандыру қорындағы ӘМАТ тауарлары 70-ке жуық сауда желілеріне және базарларға шығарылуда. Осы жұмыстардың нәтижесінде ӘМАТ тауарлары нарықтық бағадан 10-15% төмен саудалануда.
Әр апта сайын өткізілетін жәрмеңкелер азық-түлік тауарларын өндіретін шаруаларға делдалдарсыз тікелей саудалауға мүмкіндік беруде. Осының арқасында, тұтынушылар азық-түлік тауарларын нарықтық бағадан 20-30% төмен бағада сатып алуда.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын халыққа қолжетімді ету мақсатында облыста 40 әлеуметтік дүкен қызмет етеді. Әлеуметтік дүкендердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары нарықтық бағадан 25-30% төмен.
Қабылданып жатқан шаралар өңір тұрғындарын қолжетімді бағада азық-түлікпен қамтамасыз етуге және нарықтағы баға тұрақтылығын сақтауға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан төріндегі тың серпіліс: ауыл шаруашылығында жаңа дәуір басталды

redaktor_rastimes

Мемлекет басшысы Иордания музейіне барды

redaktor_rastimes

Қарағандыда Стамбулға тікелей рейс ашылады

redaktor_rastimes

Пікір жазу