RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

Түркістанда «Достық керуені» жобасы аясында тағылымды кездесу өтті

Бүгін көне мен жаңаны тоғыстырған қасиетті Түркістан қаласында ұлттар мен ұлыстар арасындағы бірлік пен ынтымақты насихаттауға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық керуені» жобасы аясында кезекті ақпараттық-насихаттық кездесу өтті.

Іс-шараны Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды. Ұлттар мен этностар арасындағы татулық пен өзара түсіністікті арттыруды көздейтін бұл жоба – бүгінгі күні ел ішінде бейбіт өмір мен тұрақтылықтың негізін нығайту жолындағы маңызды қадамдардың бірі.


Мақсат – татулықты нығайту, сананы серпілту

«Достық керуені» жобасының басты мақсаты – өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамындағы этномәдени бірлестіктер мен белсенді жастардың ел азаматтарымен тікелей жүздесіп, ашық пікір алмасуына жағдай жасау. Сонымен қатар, этносаралық салада болуы мүмкін тәуекелдердің алдын алып, жастар арасында діни сауаттылықты көтеру, патриотизм мен қоғамдық белсенділікті арттыру – жобаның маңызды бағыттарының бірі болып табылады.


Кең ауқымды жиын – ортақ мүдденің көрінісі

Кездесуге Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандары, Ассамблея жастары, Жастар ресурстық орталығының өкілдері, түрлі этнос жастары мен қоғам белсенділері қатысты. Барлығының ортақ мақсаты – татулық пен келісімді сақтап, ел бірлігін бекемдеу.

Шара барысында сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов жиналғандарды қоғамдағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті сақтау бағытында белсенді болуға шақырды.

«Еліміздің болашағы – білімді, тәрбиелі, отансүйгіш жастардың қолында. Біз әрбір азаматты қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығына өз үлесін қосуға шақырамыз. Бүгінгі таңда этносаралық келісімді сақтау – стратегиялық маңызға ие. Бұл – баршамызға ортақ жауапкершілік», – деді Ерназар Баетов өз сөзінде.


Ашық диалог – ой бөлісу алаңы

Кездесу барысында қатысушылар қоғамдағы өзекті тақырыптарға қатысты ойларын ашық айтып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Әсіресе «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы, заң мен тәртіпті сақтау, жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы бастамалар кеңінен талқыланды. Бұдан бөлек, жастар тәрбиесі, рухани қауіпсіздік, отбасылық құндылықтар, жат ағымдардан сақтану, этностар арасындағы сенімді нығайту сынды мәселелер де назардан тыс қалған жоқ.

Шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, өзара пікір алмасу арқылы қоғамның өзекті түйткілдері мен оларды шешу жолдары жөнінде тың ойлар айтылды.


Бірлік – барша игіліктің бастауы

Бұл кездесу Түркістан қаласының жастары мен белсенді тұрғындары үшін рухани серпіліс беріп қана қоймай, қоғамда татулық пен келісім мәдениетін одан әрі дамытуға үлес қосқан тағылымды жиын ретінде есте қалды.

Көпұлтты Қазақстан қоғамының басты жетістігі – ел азаматтарының бейбітшілікті бағалап, ұлтаралық келісімге берік болуы. Сол себепті де «Достық керуені» жобасы – бірлікке бастар берік көпір.

Ұқсас жаңалықтар

Бейбітшілік пен татулық – ел болашағының алтын діңгегі

redaktor_rastimes

Қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырында

Түркістан өңірінде «Достық керуені» жобасының жалғасуы – Ордабасы, Бәйдібек, Отырар аудандарында ақпараттық-насихаттық кездесулер

redaktor_rastimes

Пікір жазу