RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтартуризмӘлем

Алматы — Бейжің бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды

30 шілде күні Алматы — Бейжің бағытындағы жаңа тікелей рейс ашылды. Бұл рейсті Air China әуе компаниясы жүзеге асырады. Ашылу рәсіміне Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй ханым, Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова, сондай-ақ, Алматы халықаралық әуежайы мен әуе компания өкілдері қатысты.

Air China — Қытайдың мемлекеттік әуе компаниясы және ұлттық әуе тасымалдаушысы, бас кеңсесі Бейжің қаласында орналасқан. Компания әлемдік Star Alliance әуе альянсының мүшесі және Қытайдағы ең ірі әуе тасымалдаушылардың бірі.

Тікелей рейстің ашылуы екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, өзара туристік және іскерлік сапарлардың артуына, сондай-ақ, түрлі салада тәжірибе мен инвестиция алмасуға ықпал етеді. 2025 жылдың бірінші тоқсанында Алматыға Қытайдан 20 952 турист келген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 39,9% көп.

Қазіргі таңда Алматы Қытайдың Гуанчжоу, Сиань, Үрімжі, Шанхай, Ханчжоу және Санья қалаларымен тікелей әуе рейстері арқылы байланысқан. Жаңа рейс қазіргі бағыттарды толықтырып, екі ел арасындағы рейстер жиілігін арттырады. Қазіргі уақытта ай сайынғы рейстер саны 150-ден асады.

Дереккөз: Алматы қаласының әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық өзбек ұлтының ұстазы – қазақ тілі мен ұлт бірлігінің жаршысы

redaktor_rastimes

«Достық керуені» жобасы Түркістан өңірінде – Сайрам және Төлеби аудандарында жалғасуда

redaktor_rastimes

Ауыр және аса ауыр қылмысқа қатысы бар 146 қылмыстық топ жойылды

redaktor_rastimes

Пікір жазу