RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарКәсіпСаясатЭкономика

Үкіметте мал шаруашылығын цифрлық трансформациялау мәселесі қаралды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық бақылау шаралары, сондай-ақ осы саланы цифрландыру үдерістері қаралды.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров баяндама жасаса, саланы цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтып берді.

Премьер-министр өңірлерде сапалы ветеринариялық инфрақұрылым қажет екенін, сонымен бірге аурулардың алдын алу мақсатында уақтылы ветеринариялық вакцинациялау үшін жағдайлар жасалуы тиіс екенін атап өтті. Ашықтықты қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерін бақылау және есепке алу тиімділігін арттыру үшін процестерді цифрландырудың маңыздылығы атап өтілді.

«Ветеринариялық қауіпсіздік өнімді экспорттық нарықтарға шығару үшін  негізгі шарт болып табылады. Сонымен қатар  сырттан әкелінетін мал өнімдеріне  бақылауды күшейту қажет. Саланы цифрландыру мал өнімдерінің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде   ашықтықты қамтамасыз етуге тиіс. Биыл жүргізіліп жатқан Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының нәтижелері   цифрлық платформаларға интеграциялануы керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр ауыл шаруашылығы жануарларын, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтар сегментінде вакцинациялаумен толық қамтуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Олжас Бектенов барлық өңірлерде сапалы және қолжетімді ветеринариялық құралдар жеткілікті көлемде болуы тиіс екенін атап өтті. Ол үшін ең алдымен, отандық өндірушілерді ынталандыру маңызды. Ауыл шаруашылығы министрлігіне  өңір әкімдіктерімен бірлесіп,   осы жылдың 1-қарашасына дейін  ауыл шаруашылығы жануарларының деректер базасына верификациялау міндеті қойылды.

Ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктеріне жыл соңына дейін жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерінің қозғалысына байланысты барлық процестерді жүз пайыз цифрландыру тапсырылды. Сондай-ақ үздіксіз қадағалап отыру жүйесін енгізіп,   деректер базаларының барлығын бірыңғай цифрлық платформаға интеграциялау міндеті қойылды.

Дереккөз: primeminister.kz

Ұқсас жаңалықтар

Картоп қоры ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуге толық жеткілікті

redaktor_rastimes

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров келіссөз жүргізді

redaktor_rastimes

Темірдің Тілін Тапқан Толағайлар

redaktor_rastimes

Пікір жазу